Аймақтар • 30 Маусым, 2024

Павлодарда 21 жастағы полицей өзін өзі атып жіберген

114 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ауыр жарақаттанған тәртіп сақшысы қазіргі таңда аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр, деп жазады Egemen.kz.

Павлодарда 21 жастағы полицей өзін өзі атып жіберген

Полиция департаменті аталған оқиға бойынша тергеу шараларын жүргізу үстінде.

Белгілі болғандай, Павлодар облысының Ертіс ауданында жас полицей өзін өзі табельдік тапаншамен ауыр жарақаттаған. 2022 жылғы туған жігіт қазіргі сәтте жансақтау бөлімінде жатыр.

Өңірлік полиция департаментінің баспасөз қызметі аталған фактіні растады.

«Аталған оқиға бойынша тергеу жүргізілуде. Істің мән-жайлары мен себептері анықталады. Қазіргі уақытта полиция қызметкері жансақтау бөлімінде», - деп хабарлады полиция департаменті бастығының орынбасары Сафуан Жампейісов.