Аймақтар • 01 Шілде, 2024

Атырау облысының шекарасы кеңейеді

162 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Ашық НҚА» заң жобаларын жария талқылау порталында Атырау облысының аумақтық шекарасын кеңейтуді көздейтін Премьер-министрдің қаулысы жарияланды, деп жазады Egemen.kz.

Атырау облысының шекарасы кеңейеді

Фото: Тұрар Қазанғапов

«Атырау облысының шекарасы мен Каспий теңізіндегі Қазақстан Республикасының аумақтық суларының (теңізінің) сыртқы шегі арасындағы жалпы алаңы 3954015,300 гектар жерді Атырау облысы аумағына қосу жолымен Атырау облысының шекарасы өзгертілсін», делінген құжатта

Олжас Бектенов Атырау облысының әкімдігі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдауды тапсырды. 

Қаулы жобасы 15 шілдеге дейін көпшілік талқысына ұсынылады.