Оқиға • 02 Шілде, 2024

Ақтауда скейтбордпен баланы қағып кеткен тұрғын сотталды

131 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Оқиға салдарынан бала ауыр жарақат алған. Сот істі қарап, сотталушыны 6 ай мерзімге бас бостандығынан айырды, деп хабарлайды Egemen.kz,

Ақтауда скейтбордпен баланы қағып кеткен тұрғын сотталды

Фото:Ашық дереккөз

Анықталғандай, сотталушы 17 сәуір күні скейтбордпен жаяу жүргінші жолағында қауіпсіздік шараларын сақтамай келе жатып, кішкентай қызды қағып кеткен. Дәрігерлердің айтуынша, жәбірленушіге бас сүйек бөлігінің сынуы және мидың шайқалуы диагнозы қойылған.

Сотта Қылмыстық кодекстің 114-бабының 3-бөлігі «Абайсызда денсаулыққа ауыр зиян келтіру» бойынша қылмыстық іс қаралды.

Мемлекеттік айыптаушы сотталушыны кінәлі деп танып, 6 айға бас бостандығын шектеу жазасын тағайындауды сұраған. Ал жәбірленуші тараптың өкілі қылмыскерді заң аясында жауапқа тартуды талап еткен.

Сотталушы кінәсін мойындады. Істің барлық мән-жайын ескере отырып, сот оны алты айға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды. Үкімді жариялау кезінде судья қатаң жаза қолдануды талап еткен жәбірленуші тараптың пікірін ескергені атап өтілген.