
Спортты дамыту дирекциясының мәліметінше, отандасымыз 70 кг салмақ бойынша жүлде үшін кездесуде ресейлік Ренат Николаевтан (Қиыр шығыс федералды округы) ағашты тартып алды.
Аталған жарыста ел намысын 4 мас-рестлинг шебері қорғады, жалпы 12 елден 44 спортшы жиналған екен.
Айта кетсек, мас-рестлинг – якут халқының ұлттық спорты. Қазақтың «арқан тартыс» ойынына өте ұқсайды, айырмашылығы - спортшылар арқанның орнына ағаштан ұстап отырып, тартысады.