Білім • 03 Шілде, 2024

Білім сапасын арттыратын курс

1188 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Оқу үдерісіне жаппай ашық онлайн курстарын белсенді енгізу отандық университеттердің халықаралық рейтинг­те­рінде деңгейін көтеріп, білім қызметі нарығында бәсекеге қабілеттілігін арттырады. Қазіргі таңда көптеген елдің білім жүйесінде жаппай ашық онлайн курстар сапалы контентпен толығып, нарықта танымалдылыққа ие болып жатыр.

Білім сапасын арттыратын курс

фото: inbusiness.kz

ЮНЕСКО Өңірлік кеңсесі мен Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті ­ЮНЕСКО-ның журналис­ти­­ка және коммуникация кафе­д­расының шығармашылық және техникалық бірлескен жо­басы журналистика және ком­муникация саласындағы жап­пай ашық онлайн курстарды әзірлеуге мүмкіндік берді. Жеті елдің, яғни Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Түрік­мен­­стан, Армения, Грузия, Әзербайжан елдері сарап­шы­ларының, Орталық Азия­ның 19 университеті өкілдерінің қа­­ты­суымен онлайн курстар ­са­­­­раптамадан өткізілді. Кафе­­д­ра­ оқытушылары Орталық ­­Азия ел­­дері тәжірибесінің не­гі­зін­де халықаралық оқулық­тар­ды интерактивті курстар­ға бейім­деп, оқу үдерісіне енгіз­ді. Бұрынғы форматтан, дәстүрлі оқулықтардан мүлдем өзге­ше ауқымды жұмыстар атқа­рыл­ды. Бұл курстар иннова­ция­лық, интерактивті, инклю­зивті, қызықты әрі жеңіл, құры­лымында ойын элементтері бар, бағалау үшін тест пен эссе қолданылды. Онлайн курс­тар ЮНЕСКО мен журна­лис­тердің халықаралық феде­рациясының оқу материалдарына негізделді және Қазақ ұлттық университетінің платформасына орналастыры­лып, кең аудиторияға арналды. Осылайша, елімізде тұңғыш рет журналист қауіпсіздігі, коммуникациядағы қақты­ғыс­ты төмендету, климат өзге­рі­сі мен гендерлік мәселелер­­ді БАҚ-та жазу әдіс-тәсілдерін үйрететін курстар әзірленді. Алгоритмі ұқсас өзге оқу курс­тарынан айырмашылығы, жоба нәтижесінде әзірленген кешен егер тыңдаушы сәтті аяқ­таса, тегін сертификат беру қарастырылған. ЮНЕСКО сериясына енетін курстар тәулік бойы, жыл бойы қолжетімді әрі ақысыз. Платформаның функционалдары әр алуан, қа­зіргі цифрлық құралдардың жиын­тығы білім құзы­рет­тілігін дамытады.

Гендерлі бағытталған және инклюзивті платформаның төрт бағыты кәсіби қарым-қатынасты қолдауға машық­тандырады, теориялық және практикалық материалдарды ықпалдастырып, журналистің күнделікті қызметін, БАҚ редакциясының жұмысын жақсартуға арналған құрал­дарды үйретеді.

Әр курстың қысқаша маз­мұны сегіз тілге аударылып, мультилингвистикалық электронды оқулық әзірленді. Қазір­гі таңда онлайн-курстардың шетелдік тыңдаушылары да бар. АҚШ, Норвегия, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан елде­рінен жас мамандар, студенттер курсты оқып, сертификат алды.

Кейінгі кездері тұрмыс­тық зорлық-зомбылыққа қарсы заңға өзгерістер енгізілуіне байланысты «Әйелдер мен қыз­дарға қатысты зорлық-зом­былық мәселелерінің БАҚ-та жазылуы» курсына қызы­ғушылық артты. Бұл курс бо­йынша маусым айында 4 тың­даушы жазылып, курсты тың­дап сертификат алған.

БАҚ мамандарына ақпарат жинау мен оны БАҚ-қа беру­дің этикалық әдіс-тәсілдерін үйретуді мақсат еткен курс­тар­дағы үздік халықаралық стан­дарттарға негізделген тәжі­рибелік нұсқаулар журналист, PR мамандарына, баспасөз қызметі өкілдеріне арналған.

ЮНЕСКО мақұлдаған кон­­тент негізінде әзірленген курс­тарға ЮНЕСКО Өңірлік кең­­сесі тарапынан журна­лист кадрларының сапа­сын, ақпа­рат­­тық сала қатысу­шы­лары­­ның бі­ліктілігін көтере­ді, жур­на­листика саласындағы ұлт­­тық платформаны байы­та­ды де­­ген баға берілді. Орталық Азия мен Кав­каз аймақтарында­ғы әріп­тестер бұл курстардың әдіс­теме­лік орталық, база болып қала­тын­дығын жеткізді. Бүгін­­де ЮНЕСКО-ның журналисти­ка және коммуникация кафед­­ра­сы «SC Training» платформа­­сын­да бес тілде мобильді қо­сым­ша­­ға арналған онлайн курс әзір­леніп жатыр. Кафедрада бір­­не­ше инновациялық ха­лық­­ара­лық және ұлттық жо­ба, атап айт­қанда кейінгі бес жыл­да ЮНЕСКО-ның Ком­­му­ни­ка­цияны дамы­ту халық­ара­лық бағ­дарла­масының, БҰҰ-Әйел­дер өкілдігінің, АҚШ елші­лігінің жо­балары жүзе­ге асырылды.

Назгүл Шыңғысова,
Әл-Фараби атындағы
ҚазҰУ ЮНЕСКО-ның журналистика және коммуникация кафедрасының меңгерушісі