Президент • 03 Шілде, 2024

Ақордада ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинді қарсы алу рәсімі өтті

84 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпинді «Ақорда» резиденциясында салтанатты қарсы алу рәсімі өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ақордада ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинді қарсы алу рәсімі өтті

Фото:Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің кортежін өзі күтіп алды. Мәртебелі мейманның құрметіне Қазақстан Республикасы Әуе қорғанысы күштерінің ұшақтары Қытай туымен түстес қызыл, сары жолақ із қалдырып, ұшып өтті.

1

Бұдан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев пен Си Цзиньпин бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды. Құрмет қарауылының бастығы рапорт беріп, екі елдің әнұрандары орындалды.

2

Салтанатты рәсімнен кейін мемлекеттер басшылары келіссөз залына барды.