Фото: ҰОК
Бас бапкер дайындық жоғары деңгейде өткенін мәлімдеді.
«Боксшыларымыздың жаттығу жиыны өте сапалы өткенін айту керек. Жігіттердің барлығы тапсырманы тиянақты орындады. Ең бастысы ешкім ауырып қалған жоқ. Бәрі де бабына еніп келе жатыр.
Қазіргі таңда біз боксшыларға аздаған үзіліс бердік. Барлығы да үйлеріне кетті. Көп ұзамай қайта жиналамыз. 9-20 шілде аралығында Түркістан облысындағы «Алма тау» базасында Олимпиада қарсаңындағы соңғы жаттығу жиыны өтеді», деді Мырзағали Айтжанов.