Елорда • 05 Шілде, 2024

Астана күнінде дрондар шоуы өтеді

82 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

6 шілде күні сағат 18:00-де Астанадағы EXPO аумағында «Open Air» мерекелік концерті өтеді. Концерттен кейін елорда тұрғындары мен қонақтары дрондар шоуын тамашалай алады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Астана күнінде дрондар шоуы өтеді

Фото: gov.kz

Дрондар шоуының болжамды уақыты – сағат 22:15-те (22:30).

Дрондар шоуы үшін аспанға радиомен басқарылатын 1 250 аппарат ұшырылады, оның 70-і – пиротехникалық дрон.

Шоу Қазақстан және шетелдік композиторлардың әуенімен үндестіріледі деп күтіледі.

Айта кетейік, дрондар шоуы демеушілік қаражат есебінен ұйымдастырылады.