Баспасөз қызметінің хабарлауынша, табиғи өрттердің пайда болуының негізгі себептері - халықтың өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтамауы және найзағай разрядтары, деп хабарлайды ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі.
Министрліктің баспасөз қызметінің хабарлауынша, орман және дала алқаптарында жанып жатқан сіріңке мен темекі тұқылын тастауға тыйым салынады;
От жағу, қоқыс пен құрғақ шөпті жағу, шыны заттарды (бөтелкелерді), май жағылған немесе жанғыш заттар сіңірілген материалдарды қалдыру аса қауіпті.
Табиғат аясында болған кезде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтаңыз. Өрттің өте қауіпті! Табиғаттың тағдыры Сіздің қолыңызда!,-делінген хабарламада.