Қоғам • 09 Шілде, 2024

Қарағанды ​​облысында 19 мектеп директоры жауапкершілікке тартылды

83 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Нұра аудандық прокуратурасы аудандағы білім беру мекемелерінде тексеру жұмыстарын аяқтап, көптеген заң бұзушылықтарды анықтады, деп хабарлайды Egemen.kz

Қарағанды ​​облысында 19 мектеп директоры жауапкершілікке тартылды

Фото: tass

«Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау, өрт қауіпсіздігі және денсаулық сақтау салаларында заң бұзушылықтар анықталды», деп хабарлады Қарағанды ​​облысы прокуратурасының баспасөз қызметі.

Мәселен, аудандағы кейбір мектептерде мерзімі өтіп кеткен дәрі-дәрмек табылды, белгіленген стандарттарға сәйкес келмейтін дезинфекциялық ерітінділер мен мектептердің бірінде ішек таяқшасы бактериялары анықталды.

Аудан прокуратурасының тексеру актісі негізінде барлық анықталған заң бұзушылықтар жойылды.

Қабылданған шаралар нәтижесінде 2 мыңнан астам кәмелетке толмағандардың құқықтары қорғалды.

«Тексеру қорытындысы бойынша өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзғаны үшін 19 мектеп директоры әкімшілік жауапкершілікке, 17 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды», деп хабарлады прокуратура.