Аймақтар • 10 Шілде, 2024

Алматының бірнеше ауданында суық су уақытша өшіріледі

116 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2024 жылдың 16 шілдесінде қаланың су құбыры желілерінде профилактикалық жұмыстар жүргізіледі, деп хабарлайды Egemen.kz «Алматы Су» МКК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алматының бірнеше ауданында суық су уақытша өшіріледі

Фото:pixabay

16 шілде күні сағат 09:00-ден 21:00-ге дейін қондырғылар ауыстырылады деп жоспарланып отыр. Осыған байланысты қаланың бірнеше ауданында суық су уақытша өшіріледі.

Сумен қамтамасыз ету шектелген аумақтар:

  • Медеу ауданы: Достық даңғылы –  Қажымұқан көшесі – Назарбаев даңғылы –  Сәтпаев көшесі, Самал-1,2,3 шағын ауданы.
  • Бостандық ауданы: әл-Фараби даңғылы –  Батыс Желтоқсан көш. –  Ганди көш. – Назарбаев даңғылы.

Айта кетейік, жүргізілетін жөндеу жұмыстарынан кейін судың сапасы уақытша өзгеруі мүмкін.

«Профилактикалық жұмыстар кезінде кір жуғыш/ыдыс жуғыш машиналарды және басқа да құрылғыларды пайдаланудан бас тарту ұсынылады», деп қосты «Алматы Су» МКК баспасөз қызметі.