Фото: gov.kz
Осыған байланысты, 2014 жылғы 26 желтоқсанда Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаңа стратегиясы бекітілді. Аталған стратегияның мақсаты мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тиімділігін арттыру, сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне «нөлдік» төзімділік атмосферасын құру арқылы бүкіл қоғамды сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалысқа тарту және мемлекетімізде сыбайлас жемқорлықтың деңгейін төмендету болып табылады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың негізгі бағыттары:
- Мемлекеттік қызмет саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл;
- Квазимемлекеттік және жеке сектордағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл;
- Қоғамдық бақылау институтын енгізу;
- Құқық қорғау және сот органдарында сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу;
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін қалыптастыру;
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша халықаралық ынтымақтастықты дамыту.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы төтеп беру үшін келесідей негіздемелер бойынша жүзеге асырылады:
- Заң мен сот алдындағы барлығының теңдігі;
- Жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін, сондай-ақ мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық, саяси-құқықтық, ұйымдық-басқару жүйелерін қорғау басымдығы;
- Жеке және заңды тұлғалардың бұзылған құқықтары мен заңды мүдделерін қалпына келтіру, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың зиянды салдарын жою және алдын алу;
- Кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеуге өкілеттіктерді осындай қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларға беруге, сондай-ақ оны бақылау мен қадағалауға жол берілмейді;
- Мемлекеттік органдардың қызметін нақты құқықтық реглементтеуді, осы қызметтің заңдылығы мен жариялылығын, оған мемлекеттік және қоғамдық бақылауды қамтамасыз ету.
Жоғарыдағыларды қорытындылай келе, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мақсатына қол жеткізу үшін сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға төтеп беретін тетіктерді қолдана отырып, өз-өзіміздің алдымызда шыншыл болуға, өсіп келе жатқан ұрпақтың санасына дұрыс ойды тоқуға күш салуымыз керек. Бірігіп сыбайлас жемқорлыққа төтеп беру әрбіріміздің міндетіміз.
Айдын АДЕНОВ,
Қазақстан Республикасының Сот әкімшілігі
Әскери соты департаментінің
Ішкі қауіпсіздік бөлімінің бас маманы