Білім • 11 Шілде, 2024

Жоғары ұпай жинады

209 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ұлттық бірыңғай тестілеу басталғалы бері Қармақшы ауданындағы №121 мектеп оқушысы Мақсат Қуаныш­бек пен Жаңақорғандағы №54 мектеп түлегі Аружан Шазат 136 балл иесі атанып, білім бәйгесіндегі алғаш­қы орында тұрған еді. Сынақтың аяқталуына 1 күн қал­ғанда Қазалы ауданында ең жоғары ұпай тіркелді. Аудан орталығы Әйтеке би кентіндегі №204 мектептің түлегі Нұрболат Жұбатқан 139 балл жинады.

Жоғары ұпай жинады

Облыс бойынша 16 мамыр – 5 шілде аралығындағы сынаққа 8 240 түлектің 89,7% қатысты. Облыстық білім басқармасының дерегінше, тестілеудің соңғы күндері 100-ден жоғары ұпай жинап, ұстаздары мен ата-аналарының үмітін ақтаған оқушы көп. Көш басында осыған дейін химия пәнінен аудандық, облыстық, республикалық пән олимпиадаларының жеңім­пазы атанған қазалылық Нұр­болат Жұбатқан тұр.

Нұрболат – мектепті «Ал­тын белгімен» аяқтап отыр­ған екі­ оқушының бірі. Биыл­ғы оқу жылының өзінде XVI Пре­зиденттік олимпиадасы мен «Алтын түлек» математика олимпиадасының өңірлік ке­зеңінде топ жарған талантты түлектің таңдау пәні химия-биология болып тұр.

Дарынды шәкірттің бұл же­ңісі алғашқы мұғалімі Жадыра Дәливадан бастап, кейін талабын ұштаған Шакизада Есе­но­ва, Жаңагүл Өтеналиева, Гүл­нұр Кенжеғараева, Ай­ман Аяпо­ва, Нұргүл Жұмаха­но­ва секілді ұстаздар еңбегінің жемісі.

Қызылорда облысы,
Қазалы ауданы