Оқиға • 11 Шілде, 2024

Қарағандыда 14 бала терезеден құлап кеткен

194 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Қарағанды ​​облысында жазғы уақытта балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары күшейтілген. Облыста 10 мобильді топ жұмыс істеп, су қоймаларында құтқарушылар мен инспекторлар кезекшілік атқарып жатыр. Соған қарамастан балалардың қатысуымен болатын қайғылы оқиғалар тіркелген, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қарағандыда 14 бала терезеден құлап кеткен

Фото:gov.kz

Судағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін Қарағанды облысында 10 мобильді топ құрылып, техника мен жүзу құралдары дайындалған. Сонымен қатар өңірдің білім басқармасы лагерь аумақтарында орнатылатын модульдік-қаңқалы бассейндерді сатып алған.

Қауіпсіздік шаралары қамтамасыз етілгенімен  жаз мезгілінің басынан бері Бұқар жырау ауданында кәмелетке толмаған екі қыз Нұра өзеніне батып кеткен. Анықталғандай, жасөспірімдер тыйым салынған жерде суға түскен.

Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифингте демалыс кезінде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі талқыланған.

«1 мамырда төтенше жағдайлар қызметінің бөлімшелері ауқымды профилактикалық жұмыстарды бастады. Полицейлермен бірлесіп, су қоймаларында 1300-ден астам рейд, тұрғындармен 50 мыңға жуық профилактикалық әңгімелесулер жүргізілді. Судағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін 96 адамнан тұратын 10 мобильді топ, 20 техника және 25 су көлігі дайындалды. Жұмыспен қамту орталықтары арқылы бізге көмектесу үшін 82 қоғамдық құтқарушы оқытылды. Біз ата-аналарды балаларын су айдындарына жалғыз жібермеуге, жағажайда бақылап отыруға және үйде қараусыз қалдырмауға шақырамыз. Сондай-ақ жыл басынан бері 14 бала көпқабатты үйдің терезесінен құлаған», деді Қарағанды ​​облысы ТЖД төтенше жағдайларды жою бөлімінің бастығы Нұржан Жақатаев.

Қайғылы оқиғалардың алдын-алу мақсатында облыстық білім басқармасы модульдік рамалық бассейндер сатып алған. Олар мектеп және саяжай лагерлерінің аумақтарында орнатылған. Сондай-ақ жергілікті ұстаздар мен тәрбиешілер алғашқы медициналық көмек көрсету ережелерін үйренгені атап өтілді.

«9 саяжай лагерінде 7 мыңға жуық бала сауығып, тағы 32 мың бала тамақтандырылған мектеп жанындағы лагерьлерде және 110 мың бала тамақсыз лагерьлерде емделеді. Мұғалімдерге көмектесу үшін педагогикалық ұжымдардан 200 студент тартылды. Жаз мезгілінде барлық облыстар мен қалаларда «Қауіпсіз жаз», «Қауіпсіз аттракцион», «Қауіпсіз лагерь» профилактикалық акциялары өтіп жатыр. Өңірде 10 модульді қаңқалы бассейн орнатылды», деді брифингте білім басқармасының бас маманы Сарқыт Үсенова.

Сонымен қатар мектеп және саяжай лагерлерінің қызметкерлері кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың алдын алу және жазғы уақытта қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша семинарларға қатысқандары атап өтілді.

Жазғы демалыстың соңына дейін облыс бойынша 160 мың оқушыны демалыспен қамту көзделген.