Фото: видеодан кадр
Ең қызығы, Андрей орысша сөйлегенде оның тілінде қазақша акцент байқалады, ал қазақшасы судай. Өзін видеоға түсіріп тұрған жолаушының сұрақтарына мүдірмей жауап берген жігіт Шымкентте барлығы қазақша сөйлейтінін айтады.
«Менің атым Андрей. Мен Шымкенттенмін. Не айтарымды да білмеймін, маған орысша сөйлеу қиын», деді жігіт күліп.
Әлеуметтік желі қолданушылары бұған таңғалып, Андрейді мақтай жөнелді.