Оқиға • 15 Шілде, 2024

14 жасар қызының жүктілігін жасырған әйел 3 жылға сотталды

160 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақмола облысы Ерейментау ауданының тұрғыны 14 жасар қызының жүкті екенін біліп, түсік жасатуға тырысқан. Әйел қылмысын жасырғаны үшін үш жылға бас бостандығын шектеу жазасына кесілген, деп хабарлайды Egemen.kz.

14 жасар қызының жүктілігін жасырған әйел 3 жылға сотталды

Фото:zakon.kz

Облыстық соттың баспасөз қызметінің хабарлауынша, әйел 2023 жылдың сәуір айында 14 жастағы қызының 20 жастағы жігіттен жүкті болғанын білген. Дәріханадан түсік тастау таблеткаларын сатып алып, қызына берген.

Анықталғандай әйел оқиға туралы полицияға хабарламай,  қылмыс іздерін жасырған.

Кейін жасанды түсік тастауының сәтсіз болғанын байқаған ол 2023 жылдың маусым айында қызын Астана қаласына әкеліп, түсік жасату туралы өтінішпен жеке емхананың гинекологына жүгінген. Алайда дәрігер бұл әрекеттен бас тартып, құқық қорғау органдарына хабарлаған.

«Жасалған қылмыстық құқық бұзушылықтың сипаты мен қоғамдық қауіптілік дәрежесін, асырауында екі кәмелетке толмаған баланың болуын ескере отырып, сот үкімімен К. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 432-бабында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылды ( «Қылмысты жасыру»). Үш жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасына кесілді. Белгілі бір міндеттер жүктеле отырып, тағайындалған жазаның барлық мерзіміне пробациялық бақылау белгіленді», деп хабарлады Ерейментау аудандық соты.

Сот үкімі заңды күшіне енді.