Құтқарушы • Кеше

Павлодар облысында таудан түсе алмай қалған жастар құтқарылды

62 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Павлодар облысында тауға шыққан екі адам қайтадан түсе алмағандықтан құтқарушыларға жүгінген, деп хабарлайды Egemen.kz

Павлодар облысында таудан түсе алмай қалған жастар құтқарылды

Фото: ТЖМ

Төтенше жағдайлар министрлігі мәліметінше тауға шыққан 1997 жылы туған жігіт және 24 жастағы қыз  кешқұрым уақытта төмен түсе алмаған. Шұғыл 5 құтқарушы жіберіліп, 700 метр биіктіктен альпинистік жабдықтың жәрдемімен демалушылар төменге түсірілген.

Құтқарылғандарға медициналық көмек қажет емес екені анықталды.