Білім • 16 Шілде, 2024

270 мыңнан аса баланың құжаты қабылданды

112 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

1-сыныпқа қабылдауға 270 мыңнан аса өтінім түскен. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігі ­хабарлады.

270 мыңнан аса баланың құжаты қабылданды

фото: ortcom.kz

Өтінім қа­был­дауға 1 айдан да аз уақыт қал­ды. Дәлірек айтқанда, 1-сыныпқа құжат қабылдау алдағы 31 тамызға дейін жалғасады. Бүгінге дейін 275 177 өтінім түс­кен. Бірінші сыныпқа оқушыларды қабылдау бойынша Ақмола, Алматы, Жетісу, Павлодар облыстары 100 пайыз көрсеткішке қол жеткізді. Алдын ала болжам бойынша 2024 жылдың

31 желтоқсанына дейін 6 жасқа толатын балалар саны 370 мыңнан асады, демек осыншама бала мектепке барады деп болжанып отыр.

Министрліктің хабарлауынша, азаматтарға қолайлы болу үшін қызмет көрсету толығымен авто­маттандырылды. Ата-аналар мен балалар­дың заңды өкілдері өз өтінімдерін еgov.kz электронды порталында, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың ақпараттық жүйелері арқылы тапсыра алады. Бірінші сыныпқа балалар 6 жас­тан бастап (осы жылдың соңына дейін ­

6 жасқа толатын 5 жастағы балалар) ата-анасы­ның немесе баланың заңды өкілінің өтініші негізінде қабылданады. Өтінімдерді демалыс пен мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден жұмаға дейін өткізуге болады. Ал лицейлер мен гимназияларға балалар емтихансыз қабылданады. Сонымен қатар мектептен мектепке тек каникул кезінде ғана ауысуға рұқсат етілетін шектеу алынып тас­талды. Енді жаңа ережелерге сәйкес балалар оқу жылында тұрғылықты жері бойынша мектеп ­ауыстыру мүмкіндігіне ие болды.