Фото: kaztag.kz
Жергілікті полиция қызметінің хабарлауынша, бүгін түнгі сағат бір жарымда Әуезов ауданында жол-көлік оқиғасы болған. Оқиға орнынан түсірілген видео әлеуметтік желілерде тарап кеткен.
- BMW көлігінің жүргізушісі Саин көшесімен солтүстік бағытта келе жатып, Nissan көлігі мен сол жақ жолақта тұрған екі жаяу жүргіншіні соғып кеткен. Апат салдарынан жаяу жүргіншілердің бірі 48 жастағы ер адам оқиға орнында қайтыс болды. Адам өліміне әкеп соққан жол көлік фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сараптама тағайындалды, - деп түсіндірді қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.