фото: Getty Images
Парламент Сенатының аясында Қазақстан шахмат федерациясы алғаш рет ұйымдастырған турнирге барлық облыстар мен республикалық маңызы бар қалалар мәслихаттарының депутаттары, облыстық және қалалық қоғамдық кеңестердің мүшелері және БАҚ өкілдері қатысты.
Қарағандыда өткен жартылай финалда Астана, Қарағанды, Ұлытау облыстарының іріктеу кезеңдерінің жеңімпазы болған «Орталық» өңіріндегі шахматсүйер қауымның 75 өкілі бақ сынады. Жартылай финалдық ойындардың ашылу салтанатына Қарағанды облысының әкімі, Қарағанды облыстық мәслихатының және Қазақстан шахмат федерациясының өкілдері қатысты.
9-тур рапид қорытындысы бойынша Senat Оpen финалына қатысу үшін «Орталық» өңірінің жиырма бес өкілі анықталды. Сондай-ақ олардың ішіндегі үздік ойын көрсеткен депутаттар, журналистер, қоғам белсенділері, әйелдер мен 60 жастан асқан қатысушылар арнайы сертификатпен марапатталды.