Елорда • Бүгін, 12:50

Дүниежүзілік көшпенділер ойыны Димаштың концертімен жабылады

36 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Осы күзде Астана қаласында өтетін Дүниежүзілік көшпенділер ойыны Димаштың концертімен жабылады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Дүниежүзілік көшпенділер ойыны Димаштың концертімен жабылады

Бұл туралы әншінің анасы Светлана Айтбаева Іnstagram әлеуметтік желісіндегі өз парақшасында бөлісті. Ол барша оқырмандарын ойындар соңында болатын концертке шақырды.

- Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына" дайындық басталып кетті. Бұйырса, әсем қаламызды көруге келетін қонақтарды құшақ жая қарсы аламыз. Көшпенділер мерекесін Димаштың шоу-концертімен қорытындылаймыз деп жоспарлап жатырмыз. Алда керемет кездесулер, тамаша таныстықтар және қызу дайындықтар...
"Келеді барлық әлем Астанаға,
Қонады Астанаға барша құстар!" деген әнімізбен баршаңызды күтеміз! - деп жазды Димаш Құдайбергеннің анасы С.Айтбаева.