Технология • 23 Шілде, 2024

Бес жылдық бағдар...

145 рет
көрсетілді
6 мин
оқу үшін

Қазір «Кім жасанды ин­теллектіні игерсе, сол әлем­ді билейді» деген тәм­сіл шық­қан. Цифрлық ғалам­дағы сан алуан жаңа­лықтарды естігенде, сеніп те қаласың. Бұл тер­мин алғаш рет 1960 жылы Америкадағы Мас­са­чусетс технологиялық инс­титутында қол­данылған. Содан бері ақырын-ақы­рын ғылымға қа­дам ба­сып, дендеп енді. Ал дамы­ған мемлекет­тер жа­санды ин­теллек­тіні дамы­ту тұжы­рым­дама­сын 2017 жылы бастап кеткен. Енді біз­дің ел де көштен қалмай, ілгері баспақ.

Бес жылдық бағдар...

Инфографиканы жасаған – Алмас МАНАП, «EQ»

Алдымен тұжырымдама туралы айтсақ, негізінен мемле­кеттер­дің жасанды интеллекті­ні қолд­а­ну дайындығы «Oxford Insights» әзірлеген әдістемемен анықтала­ды. Осы әдістемеге сәй­кес еліміз де цифрлық әлеует әрі деректердің қолжетімділігі бойынша жақсы көрсеткіш­тер­ге жетті. Ал жасанды интеллект саласындағы елдік стратегиялық құжаттардың бол­мауына байланысты «пайым­дау» көрсеткіші бойынша айтар­лықтай артта қалған еді. Бұл сала­ның маңызы ескеріліп, ол­қы­лық­тың орны толмақшы. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес ЦДИАӨМ алдағы бес жылдық ке­зең­ге арнал­ған жасанды интеллек­тіні да­мыту тұжырымдамасын әзір­­леді. Жасанды интеллект коми­­тетінің төрағасы Ғиззат Бай­тұр­­сыновтың айтуынша, тұжы­рым­даманың негізгі мақ­саты – жасанды интеллект эко­жүйесін құру, экономика және мемлекеттік басқару салаларында жасанды интеллект технологияларын енгізу.

– Осы мақсатқа жету үшін Тұжы­рымдамада келесі бағыт­тар жеке-жеке қарастырылады: деректер, ин­фрақұрылым, адами капитал, ғы­лыми зерттеу­лер, реттеуші орта және акселе­рациялық бағдар­ламалар. Де­рек­тер – жасанды интеллект да­муының негізгі элемент­тері­нің бірі. Өздеріңіз білетіндей, бұл бағытта үлкен жұмыс атқа­рылып жатыр. «Ұлттық ақпа­раттық технологиялар» акцио­нерлік қоға­мы мемлекеттік ор­гандардың дерек­терін Смарт Дата Үкіметке жи­найды. Смарт Дата Үкіметке жа­ңар­тылып тұратын 93 деректер базасы қосылған. Жинақталған Смарт Дата Үкімет деректері үл­кен деректерді терең талдауға және соған негізделген шешімдер қабыл­дауға кең мүмкіндіктер ашады, – деп ұғындырды ол.

Шегелей түссек, инфра­­құрылымды дамыту үшін мына шаралар іске асырылмақ: елі­­мізде суперкомпьютерді орна­лас­тыру, халықаралық әріп­тес­тік ар­қылы деректерді өңдеу орта­лықтарын салу, жасанды интеллект ұлттық платформасын құру және талшықты-оптикалық байланыс желілерін дамыту. Қазір халықаралық технологиялық компа­ниялармен деректерді өң­деу орталықтарын салу бойынша келіссөз жүргізіліп те жатыр. Жа­санды интеллект ұлттық платформасы деректер жиынтығы, есептеу қуаты және басқа жасанды интеллект құралдары сияқты қажетті ресурстарды қамтиды. Бұл ресурс­тар мемлекеттік органдарға, стар­таптарға, жоғары оқу орындары мен жасанды интеллект энту­зиасттарға қолжетімді болады. Жыл сайын 10 мың та­лант дайындалады. Оның ішінде 1 мың­ ЖИ-маман; 100 ЖИ-стар­тап және 10 ғылыми жоба бар.

– Адами капиталды дамы­ту шең­­берінде жасанды интел­лект эко­жүйесін дамыту үшін ке­­­шен­ді ин­новациялық инфра­құры­лым әзір­ленбек. Елі­мізде оқы­тушы­лардың қаты­суынсыз, «peer-to-peer» әдіс­намасына негізделген прак­тикалық оқытуды ұсынатын бағдарламалау мектептерін іске қосу жоспарланды. Бұл сту­денттердің өзара әрекет­тесуі­не және зерттеу тәсіліне ық­пал етеді. Зерттеу орталықтарын құру үшін халықаралық компания­лармен және институттар­мен ынты­мақтастық орнатылмақ. Сонда жасанды интеллект сала­сындағы ғалымдарға озық әріп­тестермен жұмыс істеуге мүм­кіндік береді, – деді комитет төрағасы.

Саланы дамытып, халықты кең көлемде тартудың маңызды құралы – «Digital Bridge», «TechCrunch», «WebSummit» сияқ­ты форумдар мен конфе­ренцияларға қатысу және оларды ұйымдастыру, демо-күндер өткізу, ғылыми конференциялар, аймақтық роадшоу, көрмелер мен хакатондар сияқты түрлі ұлттық және халықаралық іс-шараларға қатысу. Нысаналы индикатор ретінде жасанды интел­лект оқытатын жоғары оқу орындарының үлесін 2025 жылы 20 пайыздан 2029 жылы 60 пайызға дейін арттыру да көзделіп отыр.

Оған қоса озық әлемдік тәжі­рибе негізінде AI технология­сын дамыту мақсатында мә­жіліс депутаттарымен бірлесіп «Жасанды интеллект туралы» заң жобасы әзірленді. Заң жо­басы әдеп нормаларын қабыл­дауды, мемлекеттік реттеуді, AI-объектілердің жұмыс істе­уінің құ­қықтық режімін, AI-объек­тілерді жіктеуді, мемлекеттік қолдау шараларын және AI саласын стандарттауды көздейді. Қазіргі уақытта заң жобасы мүдделі мемлекеттік органдармен және «Атамекен» ҰКП-мен келісілді. «Жасанды интел­лект туралы» заң келесі жыл­дың бірін­ші жартысынан кешік­тірілмей қабыл­данады деп жоспарланды.

Акселерациялық бағдарла­ма­­лар нарықтағы кәсіпкерлік белсен­­діліктің өсуі арқылы муль­ти­лика­тив­ті әсер тудырады. Халықтың бар­лық тобын барынша кеңінен қамту үшін қазақ тілінде AI дағдыларын оқыту және қазақ тілінде сапалы және ақпараттық контент жасау жөніндегі ауқымды бағдарлама­ны көздейтін эко­жүйе құру қажет. Экожүйені дамыту шеңберін­де халықара­лық компанияларда (Microsoft, Google, Booking, т.б.) жұмыс істейтін отандық мамандардан ұлттық AI құрамасы құрылды.

Жоғарыда аталған жоспарлар­ды іске асыру және экономика секторларында ЖИ-өнімдерін одан әрі кеңінен енгізу ІЖӨ-нің өсуіне елеулі үлес қоспақ.

Жасанды интеллект ғы­лым­ға төңкеріс әкелді. Мы­салы, Шотланд ғалым­дары AI кө­ме­гімен 4 300 химия­лық қосы­лыс­ты талдап, жасушалардың қартаюына әсер ететін 21 затты анықтады. Олардың үшеуі ерекше қызығушылық тудырды: гинкгетин, олеандрин және периплоцин. Осы қосылыс­тар зақым­далған жасушаларды «тазар­тып», қартаюдан ке­летін аурулардың алдын алады-мыс. Ғалымдар бұл жаңалық­ты қартаюдың алдын алу мен бә­сеңдету жолдарын табуға бас­қан үлкен қадам дейді. Айтып отырған жаңалығымыз – жасан­ды интеллект әлеуетінің бер жағы ғана. Біздің елдің жасан­ды интеллектісі осындай ғы­лыми деңгейге көтеріліп, эконо­ми­каның өрлеуіне ықпал етуі үшін біраз жыл мен еңбек керек. Ал тұжырымдама – сол мақсаттарға қа­рай басылған нық қадам бола білді.