Фото: Видеодан алынған кадр
Астана қаласының әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметінің хабарлауынша, 22 шілдеде сот отырысы барысында ер адам кінәсін толық мойындап, жасаған ісіне өкінген. Оның айтуынша, ол мас күйінде болған және жұбайын қорқытқысы келген.
«Сот қаулысымен ер адам ӘҚБтК – нің 434-бабы 1-бөлігі бойынша Әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 15 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алынды», делінген хабарламада.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.