Оқиға • 26 Шілде, 2024

Қызылордада мектеп оқушысы полицейге тіл тигізген

158 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қызылордада кәмелетке толмаған бала қоғамдық орында полиция қызметкеріне тіл тигізген. Ақыры баланың анасы әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Egemen.kz облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Қызылордада мектеп оқушысы полицейге тіл тигізген

Фото: ашық дереккөз

«2024 жылдың 20 маусымында сағат 14:00 шамасында Қызылорда қаласы Камалов көшесінде Т.-ның кәмелетке толмаған ұлы Р., қоғамдық орында полиция қызметкеріне балағат сөздер айтып, тіл тигізген. Сотта азаматша Т., хаттамамен келісетінін, мұндай жағдай енді қайталанбайтынын айтып, сот пен инспектордан кешірім сұрады», делінген хабарламада.

Сот қаулысымен баланың анасы ӘҚБтК-нің 435-бабы «Кәмелетке толмаған адам жасаған бұзақылық» бойынша кінәлі деп танылып, оған 18 091 теңге көлемінде айыппұл салынған.