Аймақтар • 27 Шілде, 2024

Таразда күдікті полиция учаскесінен қашып кетті

97 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жамбыл облысының полиция департаменті Тараз қаласының аумағында пайдакүнемдік-зорлық сипаттағы қылмыс жасағаны үшін ұсталған күдіктінің қашып кеткенін хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Таразда күдікті полиция учаскесінен қашып кетті

Оған іздеу жарияланды.

Күдікті 03.11.1995 жылы туған Қанат Доғдырханұлы Бекен полиция бөліміне жеткізілген соң әжетханаға шығып, одан әрі қашып кеткен.

- Белгілері: бойы – 168 см, дене бітімі – арық, қара шашты, беті сопақша, құлағы үлкен, сәл қалқиған, орташа мұрынды, сол жаққа қисайған, ерні үлкенірек. Күдікті Nike жазуы бар қара қалпақ, көк түсті жейде және спорттық қара түсті шалбар киген, – делінген ПД баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.