Білім • 29 Шілде, 2024

Білім грантына өтініш қабылдау аяқталды

233 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Биыл 104 мыңнан астам талапкер білім гранттарын тағайындау конкурсына қатысуға өтініш берді. Өткен жылы 94 мыңнан астам өтініш қабылданған еді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Білім грантына өтініш қабылдау аяқталды

Фото: kp.ru

Айта кетейік, биыл бакалавриатқа түсу үшін 79 мыңға жуық грант бөлінген. Гранттардың басым бөлігі инженерлік және техникалық бағыттарға үлестірілген.

Сонымен қатар биыл алғаш рет ішінара оқу ақысы бар сараланған гранттар енгізілген. Мәселен, «Педагогикалық ғылымдар» және «Әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат» бағыттары бойынша 150 сараланған гранттан бөлінген. Сондай-ақ «Серпін» бағдарламасы арқылы түсушілерге 3 903 грант бөлінген. Гранттар тізімінде 5 000 халық тығыз қоныстанған және батыс өңірлердің жастарын жетекші жоғары оқу орындарында оқыту үшін мақсатты білім беру гранттары бар.

Талапкерлердің басым бөлігі, атап айтқанда 42 мың бала студенттік жылдарын Алматы қаласында өткізуді жоспарлап отыр. Ал елордадағы оқу орындарына түсуге 22 мың талапкер ниет білдірген, 6,5 мың адам Шымкенттегі жоғары оқу орындарын таңдаған.

Еске сала кетейік, грант иегерлерінің тізімі 10 тамызға дейін Ғылым және жоғары білім министрлігінің ресми сайты мен әлеуметтік желілерінде, www.testcenter.kz сайтында (ҰТО ресми сайты) және TESTCENTERKZ телеграм парақшасында жарияланады.

Соңғы жаңалықтар

Робот ота жасады

Ғалам ғажаптары • Кеше

Ең ұзын туннель

Ғалам ғажаптары • Кеше

Отыз үйрек, бес қырғауыл

Аймақтар • Кеше

Қазақстанда мал ауруы 51%-ға төмендеді

Шаруашылық • 12 Желтоқсан, 2025