Оқиға • 29 Шілде, 2024

Атырауда 15 жастағы жасөспірім өзіне қол жұмсаған

138 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырау қаласындағы көпқабатты тұрғын үйлердің бірінде 15 жастағы жасөспірім бесінші қабаттың терезесінен секіріп, оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Атырауда 15 жастағы жасөспірім өзіне қол жұмсаған

Фото: Ашық дереккөз

Қайғылы оқиға 28 шілде күні таңғы сағат 06:30 шамасында болған.

«2009 жылы туған жасөспірімнің өз-өзіне қол жұмсауы бойынша қылмыстық іс қозғалды, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Өзге мәліметтер жариялануға жатпайды», деп хабарлады полиция қызметкерлері.