Оқиға • 30 Шілде, 2024

Атырауда 6 жасар бала биіктен құлап, аман қалған

122 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырауда 6 жасар бала тұрғын үйдің үшінші қабаттағы терезесінен құлап кеткен, деп хабарлайды Egemen.kz.

Атырауда 6 жасар бала биіктен құлап, аман қалған

Фото: Ашық дереккөз

Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, жарақат алған бала қалалық балалар ауруханасына жеткізілді. Балаға шұғыл ота жасалды. Қазіргі уақытта оның жағдайы тұрақты екені белгілі болды.

«29 шілдеде үшінші қабаттан құлаған 6 жасар бала облыстық балалар ауруханасына жеткізілді. Баланың аяғына ота жасалды. Жағдайы тұрақты. Қазіргі уақытта травматология бөлімшесінде ем алып жатыр», деп хабарлады облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Облыстық полиция департаменті аталған оқиғаға қатысты тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.