Қоғам • 01 Тамыз, 2024

Елорданың бірнеше көшесінде қозғалыс уақытша шектеледі

87 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін, 1 тамызда ҚР Мемлекеттік күзет қызметі Астана тұрғындары мен қонақтарына қоғамдық-саяси шаралардың өтуіне байланысты үндеу жолдады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елорданың бірнеше көшесінде қозғалыс уақытша шектеледі

Фото: sgork_official

Анықталғандай, 7-10 тамыз аралығында қаланың жекеленген көшелерінде, атап айтқанда, келесі бағыттар бойынша көлік құралдары мен жаяу жүргіншілер қозғалысына уақытша шектеулер енгізіледі:

  • «Есіл» (Оңтүстік айналма жолы, Қабанбай батыр даңғылы, Мәңгілік Ел, Ұлы Дала даңғылы, Достық , Керей – Жәнібек хандар к-рі);
  • «Нұра» (Тұран , Ұлы Дала даңғылы);
  • «Алматы» (Тәуелсіздік даңғылы, Ж. Нәжімеденова , Қ. Аманжолова к-рі).

Сонымен қатар Мемлекеттік күзет қызметі дайындық аясында 3 тамызда бірлескен жоспарлы оқу-жаттығулар өтетінін атап өтті.

«Іс-шаралар арнайы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, сондай-ақ ҚР Қарулы күштерінің, оның ішінде әскери авиацияның ресурстарын пайдалануды көздейді. Осыған байланысты, астананың тұрғындары мен қонақтарын қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша жүргізіліп жатқан іс-шараларға түсіністікпен қарауды өтінеміз», делінген хабарламада.