Ең қысқа әңгіме • 02 Тамыз, 2024

Қашықтан жасалған операция

52 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Технология дәуірі дегеніміз осы. Қы­тайлық дәрігер 5 000 шақырым қа­шық­тықтағы науқастың өкпесін­дегі ісікті алып тастады.

Қашықтан жасалған операция

Хирург роботты Шанхайдағы кабинетінде отырып басқарған, ал науқас­тың өзі Шыңжаң-Ұйғыр автоно­миялық ауданы Қашқар қаласындағы операция бөлмесінде болған. Жергілікті ауруханада қажетті біліктілігі бар хирургтер болмағандықтан, олар қытайлық «MedBot» компаниясы жасаған хирур­гиялық құлтемірді қолдануды ұйғарды. Операция жасаған жетекші хирург Луо Цинцюанның айтуынша, ол 5G байланысын қолданудың арқасында 5 мың шақырым қашықтықта орналасқан роботты басқару кезінде ешқандай кідіріс сезінбегенін атап өтті. Нәтижесінде, операция сәтті аяқталған.