Олимпиада • Бүгін, 14:01

Владислав Яковлев Е тобындағы финалда жеңіске жетті

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Академиялық ескек есуден Ұлттық құрама спортшысы Владислав Яковлев Париж Олимпиадасындағы соңғы жарысында бақ сынады, деп жазады Egemen.kz.

Владислав Яковлев Е тобындағы финалда жеңіске жетті

Фото: PARIS 2024| Kazakhstan team

Ол Е тобының финалында мәреге бірінші жетті. Уақыт көрсеткіші - 6:59.43 секунд.

Бұл көрсеткіш жалпы есепте Владислав Яковлевтің жеңіс тұғырынан көрінуіне жеткіліксіз болды. Ол Париждегі ойындарды жалпы есепте 25-орынмен аяқтады.

Айта кетейік, Яковлев осымен 4-ші рет Олимпиада жүлдесіне таласты.

Лондонда - 28, Рио-де-Жанейрода - 31, Токиода - 19-орыннан көрінген еді.