Экология • 02 Тамыз, 2024

Қазақстанның ең лас аймақтары аталды

116 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ұлттық статистика бюросы атмосфераға шығарылатын ластаушы заттардың көлемін есептеді. Одан бөлек, еліміздің ең лас аймақтары да анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстанның ең лас аймақтары аталды

Фото:Ашық дереккөз

Айта кетейік, бір жыл ішінде елімізде ауаға 2,2 миллион тонна ластаушы заттар шығарылған.

2023 жылы Қазақстанда барлық ластаушы көздерден түзілетін шығарындылардың жалпы көлемі 32,3 млн тоннаны құраған. Сол кезде елімізде дәл осы заттарды ауаға шығаратын 259,7 мың кәсіпорын жұмыс істеген.

«Аулау және залалсыздандырудан кейін ауаға ластаушы заттардың шығарындыларының көлемі 2,2 млн тоннаны құрады, бұл 2022 жылмен салыстырғанда 2,5%-ға аз. Атап өтейік, шығарындылардың 88 пайызының көзі өнеркәсіп секторы болды», деп хабарлады Ұлттық статистика бюросы.

Ең ластанған өңірлер Павлодар (649,2 мың тонна), Қарағанды ​​(454,9 мың тонна), Атырау (140 мың тонна), Қостанай (118 мың тонна) және Ақтөбе облыстары (112 мың тонна) болды.

Ауаға бөлінетін барлық ластаушы заттардың 80,7%-ы газ және сұйық заттар, 19,3%-ы қатты заттар екені белгілі болды.

Соңғы жаңалықтар

Жас буын туралы зерттеу

Жастар • Бүгін, 08:45

Есірткі қылмысымен күрес

Қоғам • Бүгін, 08:40

Тағы гран-при әкелді

Қоғам • Бүгін, 08:25

Өнертабысқа өріс кең

Аймақтар • Бүгін, 08:15

Аңдатпа

Аңдатпа • Бүгін, 08:05

Қайыспас қайыңдай қайсарлық

Әдебиет • Бүгін, 08:03

Ең құнды жәдігер

Жәдігер • Бүгін, 08:00

Алғашқы өлең

Әдебиет • Кеше

Жас ақындар жинағы

Аймақтар • Кеше

Қыс мінезін көрсетті

Аймақтар • Кеше

«Көрім» көз (Монолог)

Сатира • Кеше