Ең қысқа әңгіме • 03 Тамыз, 2024

Аустрияда алтын алған

102 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жас өнерпаз Сағадат Омарғазин Аустрияның Санкт-Пельтен қала­сында өткен XIX Халықаралық скрип­кашылар байқауынан жеңіспен оралды.

Аустрияда алтын алған

Ол – Алма­тыдағы Ахмет Жұ­банов атын­­дағы рес­­публика­­лық қазақ маман­дан­ды­­рылған музыка мек­теп-интерна­ты­­ның оқушысы. Кіш­кен­­тайынан скрип­каға әуес. Оның айтуынша, Астанада өт­кен өнер сайысында Аустриядан келген профессор Гернот Ви­нишхофер Сағадаттың талантын байқап, Санкт-Пельтендегі бай­қауға шақырған. Сол жарыста қазақ баласының Бетховен мен Моцарттың шығармаларын шырайына келтіріп орын­дағанын көрген шетелдік шеберлер оның өнерін жоғары бағалапты.

«Мен осы жолда көп еңбектендім. Кү­­ніне 3-4 сағаттан дайындалдым. Бүгін ең­бегімнің ақталғанына қатты қуаныш­ты­мын. Әрине, бұл жеңісті жолымның бас­тауы ғана. Болашақта бұдан да биік бай­қауларда ел мерейін асқақтатамын деген ойдамын», дейді С.Омарғазин.