Фото: Видеодан алынған кадр
Анықталғандай, тұрғын үйдің сегіз пәтері отқа оранып, 700 шаршы метрді шарпыған. Зардап шеккен тұрғындар жоқ, бірақ 30 отбасы баспанасынан айырылған. Қазір олар уақытша №3 мектеп интернатқа орналастырылған.
Сонымен қатар әр отбасыға әкімдіктен бір мемлекеттік мекеменің басшысы бекітілген. Сондай-ақ балаларды сауықтыру лагерлеріне, зейнеткерлерді шипажайға жіберу мәселесі қарастырылып жатыр.
«Өрт салдарынан 8 пәтерлі тұрғын үйдің бүкіл алаңында ағаш шатыр мен шатыр жабыны құлады. Өрттің алдын ала себебі − электр сымдарының қысқа тұйықталуы», деп хабарлады құтқарушылар.