Спорт • Бүгін, 10:09

Назым Қызайбайдың жекпе-жегін қайдан көруге болады

29 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін, тамыздың 6-нан 7-не қараған түні Парижде өтіп жатқан Олимпиадада 50 келіге дейінгі салмақта шаршы алаңға шығатын қазақ боксшысы Назым Қызайбайдың жартылай финалдық жекпе-жегі өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Назым Қызайбайдың жекпе-жегін қайдан көруге болады

Фото:НОК/ Сали Сабиров

Тартысты жекпе-жекте спортшымыз Қытай өкілі Ву Юмен кездеседі. Жекпе-жекті Qazaqstan телеарнасынан көруге болады. 

«Келесі қарсыласым мықты, қытайлық боксшы. Ол әлем және Азия ойындарының чемпионы. Десе де жекпе-жекке жақсы дайындалып, жеңуге тырысамын. Алтын медаль үшін бар күшімді саламын», деген еді Назым Қызайбай. 

Жекпе-жек 01:02-де басталады.

Айта кетейік, бүгінде ел қоржынында 1 алтын, 1 күміс және 2 қола жүлде бар.