Сиракуз университетінің ғалымы Сэм мырза 2008 жылы жеміс ағаштары бар жер учаскесін сатып алды. Бес жыл бойы «Қырық жеміс ағашы» деген тәжірибе жасады. Университет жанында өсіп тұрған бір ағашқа әртүрлі жеміс ағаштарын будандастырды. Енді оның бұтақтары көктемнің әртүрлі кезеңдерінде гүлдейді. Өрік, шабдалы, қара өрік, шие, бадам және тағы басқасы піседі.
«Ақылды» протез
Америка ғалымдары ой күшімен басқарылатын протез ойлап тапты.
Массачусетс технология институтының зерттеушілері табиғи жолмен, қалыпты жылдамдықпен жүруге мүмкіндік беретін революциялық протез жасап шығарды. Мұны «ВВС» хабарлады. Бионикалық аяқ иесінің ми белсенділігін арттырып, қозғалысты басқаратын маңызды бұлшық еттердегі нервтермен байланыстырады. Кейін бұлшық еттегі арнайы қондырғы робот-бақылаушыға сигнал жібереді, ал ол «ақылды» протезге аяқты қаншалықты бүгу керегін және жүру кезінде қандай күш қолдану керегін есептеуге мүмкіндік береді.
Бір дана газет
Күніне қаншама данамен талай газет шығады. Ал 1932 жылы бір газет бір ғана данамен шығыпты. Қызық.
Португалияның премьер-министрі, іс жүзінде диктаторы болған Антонио Ди Салазар 1968 жылы сырқаттанып, ауруханаға түседі. Ол бірнеше күн комада жатқанда, президент өкілеттігін пайдаланып, басқа премьер-министрді тағайындап жібереді. Салазар есін жиған кезде, жақындары оны шошытып алмайық деп, жаңалықты айтпайды. Оған «Diário de Notícias» газетін арнайы шығарып, өзіне ғана бейімдеп, бір данасын әкеліп тұрады. Бір қызығы, қайтыс болғанға дейін екі жыл бойы бұрынғы қызметкерлері баяндама әкеліп, ақыл-кеңес сұрап тұрған деседі.