Оқиға • 07 Тамыз, 2024

Ақтөбеде футбол турниріне бара жатқан 5 бала қайтыс болды

311 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін жергілікті уақытпен таңертеңгілік сағат 10:00 шамасында  «Шымкент-Самара» тасжолының бойында Хромтау қаласының жанында жол-көлік оқиғасы болып, 8 адам қайтыс болды. Оның үшеуі - ересек адам және бесеуі - бала, деп жазады Egemen.kz.

Ақтөбеде футбол турниріне бара жатқан 5 бала қайтыс болды

Фото: instagram.com/aqtobe_sergek

Олар  Маңғыстау облысында жеке  қайырымдылық қоры ұйымдастырған балалар арасындағы футбол турниріне бара жатқан Әйтеке би ауданы Қарашатау елді мекенінің тұрғындары.  Олар таңертеңгілік сағат 8:00 шамасында «Тойота- ипсум» көлігімен шығып, Хромтау қаласының жанында қарама-қарсы келе жатқан ауыр жүк көлігіне соқтығысқан.

Ақтөбе облыстық полиция департаментінің мәліметіне қарағанда, балалар  мінген көлікті жолда тасымалдау жөнінде мәлімет түспеген. Қайтыс болғандардың арасында бір үйдің екі баласы мен олардың әкесі бар. Қылмыстық Кодекстің 341-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.