Спорт • Бүгін, 09:29

Назым Қызайбайды жанкүйерлері әуежайдан күтіп алды

14 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Париж Олимпиадасының қола жүлдегері Назым Қызайбай Қазақстанға келді. Оны туыстары мен жанкүйерлері Алматы әуежайынан сән-салтанатпен күтіп алды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Назым Қызайбайды жанкүйерлері әуежайдан күтіп алды

Фото: KAZ.NUR.KZ

Жазғы Олимпия ойындарында әйелдер боксынан 50 кг салмақта жұдырықтасқан Назым Қызайбай өзіне көрсетілген құрметке алғыс айтты.

«Жалпы Олимпиада ойындары жақсы өтті. Жаттықтырушыммен жақсы дайындалып, қолаға қол жеткіздік. Халықтың күтіп алғанына қарап, жеңіске жеткенімді енді сезініп жатырмын. Жанкүйерлерге мың алғыс. Барша Қазақстанның қолдауын сезіндім», деді ол.

Еске салайық, 50 келі салмақта ел намысын қорғаған отандасымыз жартылай финалда қытайлық Ву Юмен қолғап түйістіріп, төрешілер шешімімен ұтылды. Осылайша ол Олимпиада ойындарының қола жүлдесін қанжығасына байлады.