Оқиға • 13 Тамыз, 2024

Ақтөбеде трансформаторларды ұрлаған күдіктілер ұсталды

106 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақтөбеде Ақмола облысының екі тұрғыны құны 15 миллион теңгеден асатын трансформаторларды ұрлап, Қырғызстан азаматтарына сатып жіберген, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ақтөбеде трансформаторларды ұрлаған күдіктілер ұсталды

Фото: Видеодан алынған кадр

Полицейлер құрылыс нысандарының аумағынан тоғыз қуат трансформаторын ұрлады деген күдікпен Ақмола облысының екі тұрғынын ұстаған. 

«Күдіктілер трансформаторларды манипуляторға тиеп алып кеткен. Көп ұзамай Қарағанды қаласына жеткізіп, көрші елдің азаматтарына сатып жіберген. Келтірілген шығын көлемі 15 млн теңгеден асады», деп хабарлады Ақтөбе облыстық ПД.

Анықталғандай,  ұрланған трансформаторлар тиелген жүк көлігін жедел қызметкерлер Қырғызстан Республикасымен шекаралас жерде тоқтатқан. 

Ұрлық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Екі күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.