Оқиға • 13 Тамыз, 2024

Бюджет қаражатын жымқырған Мәдениет басқармасының басшысы сотталды

134 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ұлытауда облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және мұрағат істері басқармасының басшысына екінші үкім шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бюджет қаражатын жымқырған Мәдениет басқармасының басшысы сотталды

Фото: Ашық дереккөз

Жезқазған қалалық соты Ә.С. Омарды  2,3 млн теңге сомасында бюджет қаражатын жымқырғаны үшін кінәлі деп таныды.

Сот шенеуніктің бұл ақшаны мұражай мамандары мен басқа да ғалымдардың мақалалар жинағын басып шығару бойынша орындалмаған жұмысы үшін аударғанын анықтаған.

«Ә. Омар бұрын Жезқазған қалалық сотының 2024 жылғы 12 наурыздағы үкімімен пара алғаны үшін 6 жылға бас бостандығынан айырылғандықтан, Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 58-бабының 3,6 бөліктеріне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылықтардың жиынтығы бойынша тағайындалған жазаның өтелмеген бөлігін ішінара қосу арқылы Ә.С. Омарға мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 6 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру түпкілікті жазасы тағайындалды», делінген хабарламада.

Сот үкімі заңды күшіне енді.