Саясат • Бүгін, 08:35

Олжас Бектенов: Мұнай-газ саласы халықтың игілігіне қызмет етуі керек

15 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Үкімет басшысы Олжас Бектенов мұнай-газ саласын дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді. Кеңес барысында мұнай өндіру мен өңдеудің сын-тегеуріндері мен келешегі, сондай-ақ геологиялық барлау саласындағы жаңа жобаларды іске асыру жоспарлары талқыланды.

Олжас Бектенов: Мұнай-газ саласы халықтың игілігіне қызмет етуі керек

Премьер-министр атап өткен­дей, Мемлекет басшысы Үкімет алдына мұнай-газ секторының инвестициялық тартымдылығын дамыту және арттыру міндетін қойды. Өткен жылы елімізде 90 млн тонна мұнай өндірілді, ал расталған қор 2,9 млрд тоннаға бағаланып отыр. Сала салық түсімдері мен жұмыс орындарының едәуір бөлігін қамтамасыз етеді.

Олжас Бектенов елімізде ірі жобаларды іске қосудың маңызына тоқталды. Оның ішінде Атырау облысында жылына 500 мың тонна полипропилен өндіретін мұнай-химия зауыты, салына бастаған 3 газ өңдеу зауыты бар. Бутадиен және полиэтилен өндіретін зауыт­тар салу келешегі тал­қыланды.

Салық және инвестициялық заңнама жетілдіріліп жатыр. Кә­сіпкерлік кодекске және «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» кодекс­ке кәсіп­орын­дарға жүктемені төмен­дете­тін түзетулер енгізілді. Жер қой­науын пайдаланушылар үшін рет­теу­шілік және фискалдық префе­ренциялар топтамасын бекітетін күрделі жобалар бойынша жетілдірілген үлгілік келісім­шарт енгізілді.

Үкімет мұнай және мұнай өнім­дері нарығын ырықтандыруға ба­ғытталған реформалар жоспарлап отыр. Осы мақсатта Салық және Бюджет кодекстеріне, «Жер қой­науы және жер қойнауын пайдалану туралы» кодекске заңна­малық түзе­тулер әзірленуде, бұл жер қойнауын пайдаланушы­лар мен мұнай өнім­дерін өндіру­шілерді қосымша ынталан­дыруға мүмкіндік береді.

Өз кезегінде, бизнестен жер­гілік­ті қамту үлесін айтарлық­тай ұл­ғайту және отандық тауар өн­ді­рушілерді қолдау шаралары күтіліп отыр. Мұнда маңыз­ды рөл үш ірі консорциум – «Теңіз­шевройл», «Karachaganak Petroleum Operating B.V.» және «North Caspian Operating Company N.V.» компанияларына жүктелген. Бұл – саладағы барлық сатып алудың 70%-ын құрайды.

«Мұнай-газ саласы ең алдымен, барша Қазақстан халқының игілігі үшін қызмет етуі керек. Біз ұлттық бизнесті дамытуға, жұмыс орындарын құруға және азаматтарымыздың тұрмыс дең­гейін жақсартуға ықпал ете отырып, мұнай-газ саласынан түсетін табыстың неғұрлым көп бөлігінің елде қалғанын қалаймыз. Сондай-ақ жергілікті кадрларға да тиісті көңіл бөлу қажет. Көптеген есепте жұмысшылардың 90%-дан астамы қазақстандықтар екенін көріп отырмыз. Бірақ басшылық құрам туралы бұлай айта алмаймыз. Бүгінгі таңда елімізде әлемдік же­текші мұнай-газ компанияларынан алған жұмыс тәжірибесі бар басқарушылар жеткілікті. Олар­ға жобаларда болашағы бар пози­ция­ларды ұсынуымыз қажет», деп атап өтті Олжас Бектенов.

Үкімет инвестиция тартуға жағдай жасай отырып, геологиялық барлау жұмыстарын қолдауға ерекше көңіл бөліп отыр. Осыған бай­ланысты компанияларға терең­деу жатқан жерлерді зерттеу жұ­­мыстарын белсенді жүргізу ұсы­ныл­ды. Сондай-ақ Премьер-ми­нистр экономикалық даму мен эко­ло­гиялық тұрақтылық ара­­сын­­да­ғы тепе-теңдіктің маңы­зы­на тоқта­лып, экология мәселе­леріне де на­зар аударды. Ол үшін инно­вация­­лық әзірлемелер мен жаңа технологиялық шешім­дерге белсенді түрде инвестиция салу қажет.

«ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ бас­қар­ма төрағасы Асхат Хасенов, «Chevron Corporation» Еуразиялық бөлімшесінің басқарушы директоры Дерек Магнес, «Kazenergy» қауым­дастығының төрағасы Мағзұм Мырзағалиев, «СНПС-Ақтө­бемұ­найгаз» АҚ бас дирек­то­ры Ли Шуфэн және басқа да қатысушылар мұнай-газ саласын­дағы ахуал туралы баяндама жасады.