Фото: ТЖМ баспасөз қызметі
Оқиға 15 тамызға қараған түні болған. Жоғарғы қабаттарға тараған қалың түтінге байланысты ТЖД қызметкерлері баспалдақпен 70 адамды, оның ішінде 16 баланы шұғыл эвакуациялаған.
Кейінірек құтқарушылар түтін шығару жұмыстарын жүргізіп, тұрғындар пәтерлеріне оралған. Осы ретте Төтенше жағдайлар министрлігі электр желілерінің жағдайын үнемі диагностикалау қажеттігін еске салды.