Қоғам • 15 Тамыз, 2024

Олимпиада жүлдегерлерінен Covid-19 анықталды: Президентпен кездесу кейінге қалды

266 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Париж Олимпиадасының жүлдегерлері мен бапкерлер құрамын қабылдау керек еді. Алайда бұл кездесу спортшылар мен бапкерлерден коронавирус инфекциясы табылғанына байланысты кейінге қалдырылды. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Олимпиада жүлдегерлерінен Covid-19 анықталды: Президентпен кездесу кейінге қалды

Фото: Ақорда

«Өздеріңізге белгілі, Президент кеше Париж Олимпиадасының жүлдегерлері мен бапкерлер құрамын мемлекеттік наградалармен марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды. Қасым-Жомарт Кемелұлы Ұлттық құрама мүшелерімен бүгін кездесуді жоспарлаған болатын. Өкінішке қарай, атлеттер мен жаттықтырушылардың жартысынан коронавирус инфекциясы анықталды. Сол себепті кездесу кейінге шегерілді. Спортшылар мен бапкерлердің тезірек сауығып кетуіне тілектеспіз. Мемлекет басшысы Олимпиада жүлдегерлерін міндетті түрде қабылдайды», деп жазды Б.Уәли.

Кездесу тамыз айының соңында Ақордада өтеді деп жоспарланып отыр.

Еске салайық, кеше Мемлекет басшысы Олимпиада жүлдегерлері мен бапкерлерді мемлекеттік наградалармен марапаттады.