Цифрлық ғылыми портал «Ұлттық инновациялық жүйенің бірыңғай терезесі» ақпараттық жүйесі негізінде әзірленді. Оны құру үшін мемлекеттік органдардың, ғылыми-зерттеу институттары мен университеттердің өкілдерін қамтитын арнайы топ құрылды.
Портал пайдаланушыларға ғылыми конференцияларды, семинарлар мен форумдарды іздеуді және оларға қатысуды жеңілдететін «Іс-шаралар» модулін ұсынады. Әрбір пайдаланушы өзін қызықтыратын іс-шараны тауып, қатысуға өтінім бере алады, ал ұйымдастырушылар жұмыстарын жариялап, өтінімдерді қабылдайды. Порталдың «Ғылыми жарияланымдар» санатында ғылыми зерттеулер жариялауға, ғылыми іс-шаралар ұйымдастыруға, сондай-ақ сараптамалық ақпаратқа қол жеткізуге болады. Ал «E-labs лабораториялар базасы» зертханалар, жабдықтар және ғылыми ұйымдар туралы ақпарат ұсынады. Ғылыми ұйымның өкілдері порталға тіркеліп, өз зертханалары туралы ақпаратты «astanahub.com» сілтемесі бойынша енгізеді. Бұл ғылыми ресурстарды тиімді көрсетуге, жаңа серіктестер тартуға және кәсіби байланыстар желісін кеңейтуге үлкен септігін тигізеді.