«Таза Қазақстан» • 15 Тамыз, 2024

Орманды тазартты

53 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Таза Қазақ­стан» республикалық эко­логиялық акциясы әлі жалғасып жатыр. Шахтинск қаласында орман іші, жол жиегі қоқыстан тазартылды.

Орманды тазартты

Суреттерді түсірген – Жангелді ӘБДІҒАЛЫМ

«Таза орман» деп аталған акцияға еріктілер, спортшылар, «Жасыл ел» жасағының жас сарбаздары қатысты.

Шахтинск орман алқабы­ның ауданы 722 гектарды құрайды. Бұл қала – тұрғындарының де­малуға, спортпен шұғылдануға арналған сүйікті орны. Дегенмен өзінен қалған қалдықты тазалап жүру мәдениеті екінің біріне бұйырмағаны көбімізді қынжылтады.

вап

Қала, оған жақын кент, ауыл жастарының бастамасымен орманға ағаш егу, қоқыс-қалдықтан тазарту жұмыстары бойынша акциялар жиі өтеді.

– Орман – дала байлығы. Бүгін жастарменен жалындап жүріп жап-жасыл аймағымызды тазарттық. Акцияның негізгі мақсаты да – сол. Ортаның таби­ғатқа деген жанашырлы­ғын арттыру, – дейді Шахтинск қаласы Жастар ресурстық орталығы бас­шысының міндетін атқарушы Алексей Варзаев.

Шахтинск қаласында «Таза Қазақстан» акциясы басталған­нан бері 100-ден аса еңбек ұжымы ­мен 10 мыңға жуық тұрғын қа­тыс­ты. 15 мың тоннадан аса қалдық сыртқа шығарылып, саябақ, алаң, ескерткіштер аумағы тазартылды. Мыңнан көп көшет егілді.

 

Қарағанды облысы,

Шахтинск қаласы