Қоғам • 16 Тамыз, 2024

1 қыркүйектен бастап мемлекеттік еңбек инспекторлары жұмысын бастайды

82 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау жөніндегі республикалық кеңесте Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Ақмәди Сарбасов мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

1 қыркүйектен бастап мемлекеттік еңбек инспекторлары жұмысын бастайды

Фото:Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

«Комитет пен оның аумақтық департаменттерін құру, штаттарды жасақтау жұмыстары тамыз айында аяқталады. 1 қыркүйектен бастап мемлекеттік еңбек инспекторлары штаттық режимде жұмыс істейді. Тамыз айының соңына дейін Комитет пен жергілікті атқарушы органдар барлық қажетті заңдық және техникалық рәсімдерді аяқтайды. Бұл еңбек заңнамасының сақталуына және жұмыскерлердің еңбек құқықтарын қорғауға мемлекеттік бақылауды күшейтуге мүмкіндік береді», деп түйіндеді өз сөзін  вице-министр.

Ақмәди Сарбасов сондай-ақ жұмыскерлердің құқықтарының сақталуына мемлекеттік бақылауды күшейту туралы айтты – биыл жұмыс берушілерді тексеру 7% - ға өсті.

Сонымен қатар ол лайықты еңбек жағдайларын қамтамасыз ету, оның ішінде бұзушылықтарды анықтау және жою, жалақы бойынша берешекті және өндірістік жарақаттану деңгейін төмендетуге бағытталған шаралар бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы хабарлады.

Вице-министр еңбекті қорғауды басқарудың ұлттық жүйесін жаңғырту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарға егжей-тегжейлі тоқталды.