Фото: видеодан кадр
Талдауларға сәйкес, жоғары көрсеткіш 2015-2017 жылдары болған, ол кезде 30 тоннаға дейін есірткі тәркіленген. 2019 жылдан бастап төмендеу байқалады. Операция барысында құрамында есірткі бар өсімдіктердің өсу аймақтары анықталған.
– Қаскүнемдер ыстық және құрғақ климаты бар жаңа егіс алқаптарын іздей бастады. Олар мұндай жерлер полицияның назарынан тыс қалады деп ойлаған. Мұндай өңірлерге Түркістан, Алматы, Жетісу, Ұлытау облыстарының аумағы, сондай-ақ елдің батыс өңірі жатады, – деді ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті.
Арнайы операция басталғалы бері каннабис тобының 16 тонна есірткісі жойылды. Оның ішінде 12 тонна қарасора, 4,2 тонна марихуана, 450 кг гашиш бар. Төрт мың шаршы метрге жуық есірткі егістігі жойылды.