Оқиға • Бүгін, 16:10

Қостанайда жеңіл көлік пен жүк көлігі соқтығысты

12 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қайғылы оқиға Қостанай облысындағы «Қостанай-Әулиекөл-Сұрған» тасжолының 82-ші шақырымында болды. Жолаушылар көлігі жүк көлігімен соқтығысып, салдарынан Камаз жүргізушісі қаза тапты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қостанайда жеңіл көлік пен жүк көлігі соқтығысты

Фото: Қостанай облысы Полиция департаменті

Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, «Volkswagen Polo» көлігінің 49 жастағы жүргізушісі кафе тұрағынан үлкен жолға шығып кетіп, Камаз-ға соқтығысқан, ол соққының салдарынан жол бойында тұрған басқа МАЗ-650108 жүк көлігіне соғылған.

Оқиға салдарынан 37 жастағы Камаз жүргізушісі алған жарақаттарынан ауруханада көз жұмған. Ал оның жолаушы орнында отырған 12 жастағы ұлы түрлі дене жарақаттарын алған.

Аталған факті бойынша полицейлер сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Тиісті сараптамалар тағайындалды.