Шахмат • 19 Тамыз, 2024

Senat Open шахмат турнирі

53 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыда шахматтан Парламент Сенаты­ның ашық кубогі – Senat Open жарысының бесін­ші соңғы жартылай фи­налдық ойындары өтті.

Senat Open шахмат турнирі

Сенаттың қолдауымен Қазақстан шахмат феде­рациясының ұйымдас­тыруымен алғаш рет өткізіліп отырған сайысқа облыстар мен республикалық маңызы бар қалалардың мәслихат депутаттары, облыстық және қалалық қоғамдық кеңестердің мүшелері, сондай-ақ БАҚ өкілдері қатысып жатыр.

Алматыда өткен соңғы жартылай финалдық бәсекеде «Шығыс» өңіріндегі 100-ден астам әуесқой шахматшы бақ сынады. Олар – Алматы қаласы мен Шығыс Қазақстан, Абай, Алматы және Жетісу облыстарында ұйымдасты­рыл­ған іріктеу кезеңдерінің жеңімпаздары. Жартылай финал сайысының ашылу рәсіміне қалалық мәслихаттың төрағасы Мейіржан Отыншиев және Қазақстан шахмат федерациясының өкілдері қатысты.

17 тамыз күні 9 турдан тұрған рапид жарысында «Шығыс» өңірінен Senat Open финалына жолдама алған 25 шахматшы белгілі болды. Жарыс соңында депутаттар, журналистер, қоғам белсенділері, әйелдер және 60 жастан асқандар арасында үздіктер анықталып, арнайы сертификаттармен марапатталды.

Сайыстың финалдық бәсекесі тамыздың соңында Астана қаласында өтеді. Шешуші сында 200-ге жуық әуесқой шахматшы өзара мықтыны анықтай­ды. Олардың қатарында Парламент депутаттары мен республикалық БАҚ-тың журналистері де бар.