Аймақтар • 20 Тамыз, 2024

«Көмірмен дем алғанымызды қаламаймын»: Депутат Қарағанды облысының жай-күйін айтты

372 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Қазақстанда АЭС салу мәселесі бойынша Астанада өткен жария талқылауға қатысқан Мәжіліс депутаты Никита Шаталов көмір электр станцияларына, атап айтқанда, Қарағанды облысына жасаған сапары туралы айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Көмірмен дем алғанымызды қаламаймын»: Депутат Қарағанды облысының жай-күйін айтты

Фото: Ашық дереккөз

Депутаттың айтуынша, қала Топар ГРЭС-інен шығарылған күлге толы. Көмірдің күлі 60 жылдан бері жиналған, нәтижесінде «күл далалары» қалыптасқан. Бұл ретте Мәжіліс депутаты АҚШ-тағы атом энергетикасы осындай кезеңде супермаркет көлеміндей ғана атом қалдықтарын шығарғанын мысал ретінде келтірді.

«Меніңше, радиоактивті қалдықтар туралы айтқан кезде нені таңдайтынымыз белгілі. Бұл күлдің де «фоны» бар, жел соққан кезде ол Топар қаласына да әсерін тигізеді. Пәтерлерге кіріп, өкпеге түседі. Бұл онкологиялық аурулар тудырады, еліміз мұндай жағдайға бұрын да тап болған», деді депутат.

Сондай-ақ Никита Шаталов еліміздің экономиканы декарбонизациялау бағытына сәйкес болашақта көмір мен басқа да ластаушы генерацияны пайдалана отырып өндірілген әрбір өнім үшін тікелей ақшалай санкциялар енгізілетінін еске салды.

«Көмір шығаратын өңір, Қарағанды облысының тумасы ретінде айтарым, мен көмірмен дем алғанымызды қаламаймын. Америкалық атом өнеркәсібі 60 жыл ішінде шығарған супермаркет көлеміндей ғана қалдықты біздің тұрғын үйлеріміздегі пеш 5-7 жыл ішінде шығарады», деп атап өтті Никита Шаталов.

Соңғы жаңалықтар

Үш айда 7 145 жұмысшының құқығы қорғалды

Жұмысшы мамандықтар жылы • Кеше

1650 адам қала тазартуға қатысты

«Таза Қазақстан» • Кеше

«Жеміс»

Мың бір мысал • Кеше

Дәм сезбейтін аспаз

Ғалам ғажаптары • Кеше

«Мода дегеніміз...»

Сатира • Кеше

Жеңіс тарихы ұмытылмайды

Өшпес даңқ • Кеше